Қостанайда бүтін бір аудан сусыз қалады
АСТАНА. KAZINFORM — Қостанайда реконструкцияланған сумен жабдықтау желілерін қосуға байланысты ауыз су беру уақытша тоқтатылады, деп жазады Kazinform тілшісі.

Бұл туралы «Қостанай-Су» МКК хабарлады.
Су 14 мамыр күні сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін өшіріледі деп жоспарланған. Осы уақытта келесі тұрғын үйлерде су болмайды:
● Қайырбеков көшесі, 53
● Гоголь көшесі, 60, 62, 42а, 44
● Абай даңғылы, 162, 164
● Толстой көшесі, 49, 40
● 5 Сәуір көшесі, 67
● әл-Фараби даңғылы, 45, 43, 43а
Сондай-ақ әлеуметтік және коммерциялық нысандарда су беру тоқтатылады:
● №3 балабақша (Толстой көшесі, 33)
● «Rauzet» супермаркеті (Гоголь көшесі, 62)
● Аспаздық (әл-Фараби даңғылы, 45)
● «Эдем» кафесі (Толстой көшесі, 42)
● Мемлекеттік сатып алу бөлімі (Толстой көшесі, 40/1)
Бұған дейін Қостанай облысының Науырзым ауданында тұрғын үй құрылысын жақсарту жұмыстары басталғанын жазғанбыз.