Қостанайда электр энергиясының тарифі шамамен 5% өседі

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – «Қостанай ЭнергоЦентр» бастапқыда электр энергиясы тарифін 12% аса көтеруді жоспарлаған. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті электр қуаты бағасын 4,7% дейін төмендетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Маусым айында «Қостанай ЭнергоЦентр» ЖШС департаментке 2022 жылдың 1 тамызынан бастап электр бағасының сағатына бір киловатт (ҚҚС есептегенде) үшін 26,62 теңгеден 29,65 теңгеге дейін өсіретіні туралы өтінім берген.

«Алайда, департаменттің қарау нәтижелері бойынша, бағасы ҚҚС қоса алғанда сағатына бір киловатт үшін 27,86 теңге көлемінде қалдырды. Бұл бұрынғы бағадан 1,24 теңге көп. Бұрын хабарланғандай, бұл орташа бағаны енгізу шешімі 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді», - деп түсіндірді департаменттен.



Соңғы жаңалықтар