Қостанайда елік атқандар ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Полицейлер Меңдіқара ауданында заңсыз сібір елігін атқан браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Күдікті Боровской орман шаруашылығында көзге түсті.

«26 желтоқсанда Қасқат ауылының маңында көлік іздері және қан дақтары көрінді. Арнайы құрылған жедел топ із кесіп, күдіктінің үйін тапты», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

59 жастағы үй иесінің екі сібір елігінің терісін жасырғаны анықталды. Ал қару 65 жастағы Қасқат ауылы тұрғынына тиесілі болған.

Қазіргі уақытта сараптама жасалып, ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар