Қостанайда ер адам алдымен көңілдесін, артынан өзін атып өлтірді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Ершов ауылының маңында көліктен екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады.

«Оқиға 28 желтоқсанда Ұзынкөл ауданының Ершов ауылынан бес шақырым жерде болған. «Шевроле-Нива» автокөлігінің ішінен екі адамның мүрдесі табылды. Сотқа дейінгі тексеру шараларынан анықталғандай, 60 жастағы ер адам 47 жастағы әйелді аңшы мылтығымен өлтіріп, артынша өзін атқан», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат тілшісіне мәлім болғандай, ер адам 47 жастағы әйелмен көңіл жарастырып жүрген. Кейін көңілдесінің басқамен хат алмасқанын көріп, оны өлтірген. Осы күні өзінің әйеліне қоңырау шалып, қоштасқан деседі.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар