08:55, 05 Қазан 2013 | GMT +5
Қостанайда ер адам өз үйінде өртеніп кетті
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қостанайда Нариман көшесінде кеше жекеменшік үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Тілсіз жау шамамен 30 минуттың ішінде тоқтатылды. Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамның 10 адамы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумаған аумақ 20 шаршы метрді құрады.
Оқиға орнынан 1986 жылы туған азаматтың мәйіті табылды.