Қостанайда есірткі шегіп көлікке отырған жүргізуші ұсталды

ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда денесінен есірткі іздері табылған жүргізуші қолға түсті.
None
None

ІІБ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, нашақор жүргізуші облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны болып шыққан. Медициналық сараптама жүргізілген соң каннабиодтық топқа жататын есірткі затын қолданғаны анықталды.

«Бұл жас жігіт бұрын да бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылған. Осы жолы оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 467 бабы, 1 тармағы бойынша хаттама жасалды. Көлік құралы айып тұрағына жеткізілді, іс Қостанай қаласының әкімшілік сотына жіберілді», - дейді ІІБ баспасөз қызметінің бастығы Елена Кашарина.

Соңғы жаңалықтар