Қостанайда ескерту жасаған полиция қызметкері соққыға жығылды
АСТАНА. KAZINFORM — Алкогольді мас күйінде жүрген қаланың бірнеше тұрғыны өздеріне қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ескерту жасаған полиция қызметкеріне соққыға жықты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қызметкер жұмыстан тыс уақытта балаларымен бірге жүрген. Ер адам полиция формасын киген. Ол мас ер адамдар тобына қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ескерту жасады.
Құқық бұзушылар бұған агрессивті түрде жауап беріп, оған жұдырық ала жөнелді.
Нақтыланғандай, шабуылға қатысқандар оқиға орнында анықталып, ұсталды.
— Аталған фактімен мемлекеттік қызметкерге шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікті көздейтін бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп мәлімдеді полиция.
Осыған дейін Өскеменде полицейге шабуыл жасап, оқ атқан екі ер адам ұсталғанын хабарладық.
Ал Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім жазаланды — жасөспірімге 1 жыл, 4 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.