Қостанайда хабар-ошарсыз кеткен студенттер табылды

«Қостанай полициясы қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізгеннен кейін 24 және 26 қарашада жоғалған екі студент қыз табылды, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. - Қазіргі уақытта оларды ата-аналары үйлеріне алып кетті.
Полицейлер осы уақыт ішінде бойжеткендер немен айналысқанын анықтауда.
Еске салсақ, 18 жастағы студент қыздардың жоғалып кеткені жайлы ҚазАқпарат 2 желтоқсанда хабарлаған болатын.
Қостанай облысы ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашаринаның айтуынша, туысқандарының өтінішімен қыздарға іздеу жарияланды. Бағдар елдің ІІБ-ларға жіберілді. Бұл екі қыздың жоғалуы арасында байланыс бары сөзсіз, деп санайды құқық қорғау органдарында. Өйткені екеуі құрбы. Алайда үйлерінен әр уақытта шыққан. Сәдуақасова Назгүл 24 қарашада, Семегина Вероника Валерьевна үш күн кейін шыққан.
Бойжеткендер аман-сау, оларды Астанада көрген. Бұл туралы туыстарына елорда тұрғындары хабарлады. Олар ақпараттық іздеу парақшасында көрсетілген телефонға қоңырау шалған.