Қостанайда ірі көлемде марихуана тәркіленді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласындағы 161/1 УК  пеш қазандығында ірі көлемде есірткі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Барлығы 13 млн. теңге болатын 267 келі марихуана өртенді. Есірткі қыркүйек айында тәркіленді. Марихуананың Қостанайға Жамбыл облысынан әкелінгені анықталды. Оны И. есімді Рудный қаласының тұрғыны қабылдап алған.

Есірткі саудалаушылар марихуананы халық тұтынатын тауарларға мұқият ораған. Қостанай облысы ҰҚК  Департаменті тергеу басқармасының қызметкері Ержан Қожахметтің айтуынша, жыл басынан бері 700 келі есірткі заты жойылған.

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар