Қостанайда Қарасу ауданы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасарын соттап жатыр

ҚОСТАНАЙ. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Кеше күннің екінші жартысында Қарасу ауданы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрбол Әбдірахмановты айыптауға қатысты сот процесі басталды.
None
None

Мемлекеттік айыптаушы Нұрман Дайрабаев хабарлағандай, айыпталушы кәсіпкерден пара алу кезінде өткен жылдың 9 қарашасында Қаржы полициясының қызметкерлерінің қолына түсті. Пара үшін шенеунік оған балалар бақшасы ғимаратын бұзып алуға рұқсат бермек болған.

Н.Әбдірахманов өзін айыпты деп санамайды және сотқа өзіне берілген ақшаны (жалпы сомасы 100 мың теңге) кәсіпкер оған қарыз болған деген уәж айтуда.

Соңғы жаңалықтар