Қостанайда Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясының XVII сессиясы ашылды

ҚОСТАНАЙ. Желтоқсанның  4-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ -  Бүгін Қостанайда Қазақстан  халқы   Кіші  Ассамблеясының XVII сессиясы   өз жұмысын   бастады.    Кеңейтілген мәжіліс форматында  өтіп жатқан      форумға   Қостанай  облысының әкімі,    Қазақстан  халқы облыстық Ассамблеясының  төрағасы Сергей Кулагин  жетекшілік  етуде.
None
None

Облыстық  Ассамблея  төрағасының  орынбасары Серік Бектұрғанов    Қазақстан   халқы Ассаблеясы  XV  сессиясының    қорытындылары   мен  оның шешімдерін   жүзеге асыру  жөніндегі  облыстық  Ассамблеяның    міндеттері  туралы      баяндама    жасады.  Мәжілістің күн тәртібіне   сондай-ақ,  кадрларды ауыстыру,     облыстық Ассамблея  Кеңесін  құру,   сондай-ақ   үкіметтік емес ұйымдардың  облыстық  конкурсының  қорытындыларын шығару  мәселелері  ұсынылып отыр.

Сессияның  кеңейтілген мәжілісінің  жұмысына облыстық Ассамблеяның мүшелері,    облыстық мәслихат депутаттары,    үкіметтік емес ұйымдардың,  саяси  партиялардың    жетекшілері,    мемлекеттік органдардың басшылары,    әкімдердің  орынбасарлары,      ішкі саясат бөлімдерінің басшылары,  этномәдени  бірлестіктердің өкілдері    қатысуда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум