Қостанайда көктайғақтан зардап шеккендер саны 250 адамға жетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда көктайғақ салдарынан түрлі жарақат алып, 250-ден астам адам медициналық көмекке жүгінген.
None
None

Бұл тәулік ішінде қалыптасқаны, деп атап өтті Қостанай облыстық ауруханасы қоғамдастықпен байланыс жөніндегі маман Ксения Жылқыбаева.

Бұл ретте облыс орталығының мемлекеттік мекемесі күшейтілген режімдегі жұмысқа ауысты: травмотологиялық бөлімше барлық ауруханаларда зардап шеккендерді қабылдау үстінде.

«Қазір 50 адам ауруханаға жеткізілді, - деді Қ. Жылқыбаева, - олардың көбі - балалар, облыстық аурухананың бас дәрігері Владимир Стельмахтың өкімімен облыстық ауруханаға барлық зардап шеккендерді қабылдау жалғасуда. Қажет болған жағдайда оларды жедел отаға жібереді. Көбінесе соғылып-көгеру, буын шығу, сынықтар мен ми шайқалу кездесуде».

Күрт жылынудың арты Қостанайда жауынға ұласты. Салдарынан су мұзға айналып, көктайғақ орын алды. Бүгін мектептерде сабақ тоқтатылды. Көлік жолы әрең ретке келтірілді, автобустар аялдамаға тоқтаған кезде қиындықтарға тап болуда.

Полиция органдары жол апатының күрт артқанын айтуда. Облыс орталығының тас жолы кеше кешке жабылған. Бүгін түске қарай ашылды. Облыс аудандарында боран соғып, көктайғақ орын алуда.

Соңғы жаңалықтар