Қостанайда көлге демалуға барғандар батпаққа батып қалды
ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Қостанайлық құтқарушылар адамдарды балшықтан шығарды.
Өткен түні жауған жаңбыр топырақты шайып, салдарынан Новозаливное көлінде демалған тұрғындар өз бетінше үйіне жете алмай қалған.
Құтқарушылардың күшімен 7 жеңіл автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне сүйретіліп, құтқарылған 19 адам, оның ішінде 3 бала Қостанай қаласына сапарын жалғастырды.
Ешқайсы медициналық көмекке мұқтаж емес.