18:25, 15 Қазан 2015 | GMT +5
Қостанайда колледж директоры пара алды деп айыпталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының №2 сотының қарауына пара алды деп айыпталған 54 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс түсті, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Іс материалдары бойынша, Қостанай құрылыс-техникалық колледжінің директоры ретінде лауазымды қызмет атқарған С. оқу орнының қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару құқығына ие болған.
Колледж директоры азамат В.-ны өндірістік оқыту бойынша шебер ретінде жұмысқа алу туралы бұйрыққа қол қойып, өзінің қызметі үшін 50 мың теңге пара алған.
Осылайша, С. ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлімімен (пара алу) қарастырылған қылмыстық істі жасаған.
Іс бойынша басты сот отырысы 19 қазанға тағайындалған.