12:38, 05 Шілде 2023 | GMT +5
Қостанайда құбыр ауыстыру кезінде адам сүйектері табылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында коммуналдық желілерді жөндеп жатқан қызметкерлер адам сүйектерін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қостанай жаңалықтары» басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәліментінше, 4 шілде күні, сағат 14:30-да полицияға Қостанай жылуэнергетика компаниясының жұмысшыларынан ақпарат түскен. Олар Мәуленов - Досжанов көшесінің қиылысында құбырларды ауыстыру кезінде адам қаңқаларын тапқан.

Осы факті бойынша қажет тергеу амалдары басталды. Талдау жасалып, соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.