Қостанайда күн суытуына байланысты мектептердегі сабақтар тоқтатылды

ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанайда күн күрт суытуына байланысты қалалық білім басқармасының бұйрығымен мектептердің бастауыш және орта буынды сыныптарында сабақтар тоқтатылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қостанай гидрометерологиялық орталығының қызметкерлері ауа температурасының Цельсий бойынша 35 градусқа дейін төмендегенін тіркеді. Түстен кейін аяз аздап жұмсарды. Дегенмен аптаның соңына қарай ауаның темературасы 30 градустан төмендейді деп күтілуде. Күрделі ауа райы жағдайында Қостанайдың коммуналдық қызметтері іркіліссіз жұмыс жасауда.
Соңғы жаңалықтар