Қостанайда құс фабрикасы мен картон-қағаз кешенінің жұмысы қайта жанданады - әкім

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қостанайдағы «Комсомол құс фабрикасы» АҚ мен «Лисаков картон-қағаз кешені» ЖШС-ның жұмысы қайта жанданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қостанай облысының әкімі Архмед Мұхамбетов мәлім етті.
None
None

«Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығына 16 инвестициялық жоба енді. Инвестицияардың жалпы көлемі 322 млрд теңге, осы жобаларды жүзеге асыру арқылы 3,2 мың жұмыс орны ашылады. 2015 жылы өңірімізде 4 кәсіпорын пайдалануға берілді, осылайша 126 жаңа жұмыс орны құрылды. Биыл жалпы сомасы 23 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ, сол арқылы 500 жұмыс орнын ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Үй құрылыс комбинатына жалғасатын теміржолдың құрылысы басталды. Бұл теміржол еліміздің басқа өңірлеріне материал мен дайын заттарды жеткізуге кететін шығынды азайтады.
Әкімнің хабарлауынша, Үдемелі индустриялық инновациялық даму бағдарламасының бірінші бес жылдығынан екі проблемалы жобаға да инвесторлар табылған. «Биыл «Комсомол құс фабрикасы» АҚ мен «Лисаков картон-қағаз кешені» ЖШС-ның жұмысын қайта жандандыру көзделіп отыр. Комсомол құс фабрикасына «Қазагрофинанс» АҚ-мен уағдаластыққа қол жеткіздік. Ал, картон-қағаз кешеніне келген жаңа инвестор құрылғыларды жөндеп жатыр. Жылу жүйесі де жөндеуден өтеді», - деп хабарлады әкім.

Соңғы жаңалықтар