Қостанайда күшті жел тұрады

ҚОСТАНАЙ. Наурыздың 12-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Төтенше жағдайлар жөніндегі Қостанай облыстық департаментінің баспасөз қызметі күшті жел тұратыны жайлы ескерту жасады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Гидрометеорология орталығының мәліметіне сілтеме жасаған құтқарушылар осы тәулікте күшті жел тұрып, түнде және таңертең ? тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін деп хабарлайды. ТЖД қызметкерлері қостанайлықтардың «біздің құрлықтық климаттың шұғыл өзгеретін ерекшелігін ескеруді» сұрайды және тәуліктің кез-келген уақытында көмекке келетін, шұғыл қызмет телефонының нөмірлерін де еске салды. Қостанайда Солтүстік аймақтық аэромобилді шұғыл-құтқару жасағы, сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаменттің кезекші қызметі жұмыс істейді. «SOS» белгісі бойынша олар шұғыл шаралар қабылдайды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум