Қостанайда қылмыстар 11 пайызға төмендеді

ҚОСТАНАЙ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облыстық ІІД бастығы Болат Байжасаровтың айтуынша, облыс аумағында қылмыс 11,1 пайызға төмендеп отыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Сондай-ақ ол қылмыстың ашылуы былтырғы 66,4 пайызға қарағанда, биыл  79,7 пайызды құрап, 13,3 пайызға артты. Қылмыстың ауыр түрлері 18,5, - аса ауыр түрлері - 21,9 пайыз азайды. Сонымен қатар кісі өлтіру мен қастандық жасау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, бұзақылық азайған.

 Болат Байжасаров қоғамдық тәртіпті қорғауға қоғамдық құрылымдар елеулі көмек көрсетіп отырғанын атап өтті. Облыста мұндай 396 құрылым бар, оларға 3 000-ға тарта адам біріккен. Биылғы жылы қоғамдық жұртшылықтың қатысуымен 950-ден астам тәртіп бұзушылар ұсталған. «Полицияға көмектесіп жүрген азаматтарды ынталандыру үшін облыс бюджетінен үш миллион теңге бөлінді», -деді ІІД бастығы Б.Байжасаров.

Соңғы жаңалықтар