Қостанайда мүгедектерге сый-сияпат жасалды

АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Қазан айының екінші жексенбісі - мүгедектер күні. Дәл осы датаға орай облыс әкімі Нұралы Садуақасов қаламыздағы мүгедектерге арналған "Дружба" Қостанай облыстық оңалту орталығының жай-күйімен танысып, мүгедек жандарға сый-сияпат жасады. Бұл туралы облыстың баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Оңалту орталығында мүгедектер күніне орай шахмат турнирі мен қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылған-ды. Көп-шілік назарына ұсынылған бұйымдарды мүмкіндігі шектеулі жандар өз қолдарымен жасаған. Бисерден, ағаштан жасалған дүниелер көздің жауын алады. Облыс әкімі көрмені тамашалап, шахмат турнирін де назардан тыс жібермеді.

"Облысымызда жиырма екі мыңнан астам мүгедек жан бар. Оның екі мыңы - балалар. Тағдыры бөлек жандарды қолдау үшін елімізде түрлі бағыттағы жұмыстар жасалуда. Маңыздысы сіздердің өмірге деген құлшыныстарыңыз арта берсін", - деді облыс әкімі Нұралы Садуақасов.

Өңір басшысы құттықтау сөзінен кейін "Қостанай балалар психоневрологиялық интернат-үйіне" автобустың кілтін табыстады. Өзге де мүгедек жандарға компьютер, телефакс және жаңа үлгідегі электрлі арба сыйлады.

"Шексіз мүмкіндіктер" қайырымдылық шарасының аясында бес мүгедек жанға білім гранттары берілді. Сертификат иелері Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетінде тегін білім алатын болды.

Соңғы жаңалықтар