Қостанайда Наурызды ақшақармен қарсы алды (ФОТО)

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанайда Наурызды ақшақармен қарсылады. Қар түнімен жауып, ақ көрпесін төсеп тастады. Бірақ та ауа райының тосын мінезі мерекеге бөгет болған жоқ. Наурыз шеруі Қостанайдың орталық көшелері мен шағынаудандарында жалғасты.
None
None

Облыс әкімдігінің алдындағы алаңда жиырмадан астам киіз үй тігіліп, халық серуені қызды. Қала тұрғындары ән салып, би биледі, киізүй иелері (мемлекеттік және бизнес-мекемелер өкілдері) оларды бауырсақтар, палау және басқа да ұлттық тағамдардан дәм ұсынды.

Облыстық әкімдік жанындағы сахнада кәсіби әртістер және көркемөнерпаздар арнайы даярланған мерекелік бағдарламаларға қатысуда. Орталық көшелерде сауда қызды. Әсіресе балалар жағы мәре-сәре. Қостанайлықтар Наурыз мерекесіне отбасыларымен бірге келді.

Жерлестері алдында Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов құттықтау сөз сөйледі. «Наурыз мейрамы біздің бәрімізге ыстық. Бұл жарқын мерекені барлық ұлт өкілдері шынайы атап өтуде. Өмірге құштарлыққа бөлейтін бұл мерекемен біз өзіміздің жарқын армандарымызды және болашақ жоспарларымызды байланыстырамыз, олардың ойдағыдай орындалатынына үміт артамыз», - деді өңір басшысы.

Соңғы жаңалықтар