12:16, 12 Қараша 2011 | GMT +5
Қостанайда ондаған миллион теңгеге ұрлық жасаған үй тонаушы ұсталды
ҚОСТАНАЙ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай полицейлері бірнеше ірі ұрлық жасады деген күдікпен 37 жасар қала тұрғынын ұстады. Тек бір ай ішінде ол кем дегенде алты пәтерді тонап, ол жерлерден кем дегенде 27 миллион теңгенің ақшасы мен мүлкін ұрлап кетті.
Солтүстік полиция бөлімінің Қылмыстық іздестіру бөлімшесінің бастығы Мұрат Ғалихановтың айтуынша, 10 қарашада жасалған ұрлық барлық рекордтарды артта қалдырды. Қылмыскер 51 жасар қостанайлықтың пәтерінен 110 мың АҚШ долларын ұрлап кетті. Бұл ақшаны зардап шеккен азамат ұлының шетелдегі оқуын төлеу үшін 18 жыл жинаған екен. Барлық ақшаны ол киім шкафында, аяқ-киім салатын қорапта сақтаған.
Күдікті азамат ізі суымай құрықталды, оның үйін тексеру кезінде полицейлер 107 мың АҚШ долларын тапты. Өз кінәсін мойнына алған қылмыскер, үш мың АҚШ долларын ұялы телефон мен героин алуға жұмсағанын айтты.
Сараптама анықтағандай, ұсталған азамат есірткіге елтіп жүрген. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.