18:31, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Қостанайда өрт салдарынан 24 адам көшірілді
ҚОСТАНАЙ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда Чех көшесіндегі көпқабатты үйден шыққан өрттің салдарынан 24 адам көшірілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Зәмзәгүл Айдарбекқызының айтуынша, ақпанның 7-сі күні ғимараттың үшінші қабатынан өрт шықты. Өрт 20 шаршы метр аумақты қамтыды.
Бірақ іште түтіннің қоюлануы адамдарды көшіруге мәжбүрледі. Тілсіз жауды ауыздықтауға екі өрт бөлімшесі қатысты. Өрттің себептері анықталуда. Өткен аптада Қостанай облысында 18 өрт болды. Жыл басынан бері оның жалпы саны 134-ке жетті, бұл өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда (193 жағдай) едәуір кем.