Қостанайда Отан қорғаушылар күні атап өтілді

ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Қостанай қалалық балалар шығармашылық мектебінде Отан қорғаушылар күніне және ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 17 жыл толуына арналған салтанатты жиын және мерекелік концерт болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Іс-шараға Қостанай әскери гарнизонының әскери қызметшілері, жұртшылық өкілдері шақырылды. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес Қостанай әскери гарнизонының әскери қызметшілеріне мемлекеттік наградалар тапсырылды.Қостанай облысы әкімінің грамотасын облыстық әскери сот, әскери гарнизон қызметкерлері, әскери бөлімшенің әскери қызметшілері, әскери-тергеу басқармасының, әскери прокуратураның, қорғаныс істері бөлімінің қызметкерлері алды. Олардың ҚР Қарулы Күштері басқармалары органдарындағы ұзақ жылғы мүлтіксіз қызметтері осылайша атап өтілді.
Соңғы жаңалықтар