13:17, 29 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Қостанайда өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырған алаяқ 5 жылға бас бостандығынан айырылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырған алаяқ айыпты деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Жазасын өтеуші пәтер алаяқтығымен айналысқан. «Қылмысты ол «қасақана қаскөйлік ниетпен жасап, алдау-арбау арқылы жәбірленушіден ақшалай қаражат қымқыруды мақсат еткен», - делінген хабарламада. - өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырған ол жәбірленушілерді жаңылдырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша жалдамалы пәтер алуға жәрдемдесемін деп алдаған. Арам ниетпен жалпы сомасы 1 млн. 770 мың теңге ақшалай қаражат жымқырып үлгерген».
Ол жалпы режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтейтін болады.