18:51, 12 Қаңтар 2015 | GMT +5
Қостанайда педофил 18 жылға бас бостандығынан айырылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотта ауыр қылмыс жасады деп айыпталған Виталий Русскихқа қатысты шыққан үкім жарияланды.
Русских ісі бойынша сот отырысы жабық режімде өтті. Өйткені бұл істе кәмелет жасқа толмаған бала зардап шекті.
Сот айыпталушының кінәсі дәлелденді деп есептеп, оны ҚР ҚК 121- бабы 4-бөлімінде қарастырылған екі қылмыс үшін соттады. Күдікті ерекше режімдегі түзету мекемесінде 18 жыл жазасын өтейтін болды.