Қостанайда полиция бойжеткенді көлікпен қағып өлтірген жүргізушіні іздестіріп жатыр

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық ІІД-нің жеке құрамы бойжеткенді көлікпен қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізушіні іздестіріп жатыр. Оның көлігінің астында қалған 27 жастағы жас әйел қаза тапты.

Қостанайда полиция бойжеткенді көлікпен қағып өлтірген жүргізушіні іздестіріп жатыр

Оқиға 7 сәуір күні түнде Қостанай қаласында орын алған, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан дене жарақаттарын алған жәбірленуші аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Тергеу алдындағы тексеру барысында жәбірленушінің Абай көшесіндегі жолмен келе жатқаны анықталды. Полицейлер оқиға орнында қара күрең түсті көліктің ұшып кеткен сырының бөлшегін және сынған фараның бөліктерін тапты», - деп нақтылады баспасөз қызметінен.