Қостанайда полиция мүлігі оңтайландырылатын болады

ҚОСТАНАЙ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин Ішкі істер департаментінің басшылығына қазіргі кезде полиция құрылымдары жұмыс істеп отырған бірнеше ғимаратты босатудың жолдарын табуды ұсынды.
None
None

Ғимараттар бұрын балабақша болғандықтан, босаған соң да балдырғандардың игілігіне беріледі деп көзделіп отыр.

Облыс басшысы Қостанай қаласының әкімі Жомарт Нұрғалиевпен және Ішкі істер департаментінің басшысы Болат Байжасаровпен бірге ішкі істер бөлімдерін қарап шықты. Ол бөлімшелердің техникалық жабдықталу деңгейін бағалап, оларды орналастыру мәселелерін атады. С.Кулагин биылғы жылдың өзінде полицияның автокөлікпен қамтамасыз етілуі үшін ғана 100 миллион теңге бюджеттен алынғанын атап өтті.

Құқық қорғау жүйелерінің нысандарын ұстау үшін жұмсалатын жұмыс шарттары мен бюджет шығынын тиімді пайдалану мақсатында С.Кулагин Қостанай ІІБ Оңтүстік бөлімін ІІМ алғашқы дайындық училищесінің ғимаратына көшіру мәселесін қарауды тапсырды. Полицияның Солтүстік бөлімін де басқа ғимаратқа ауыстыру жоспарлануда. Осылайша ішкі істер бөлімдері жұмыс істеп отырған ғимараттар балабақша ашуға берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар