10:53, 07 Сәуір 2018 | GMT +5
Қостанайда сәбиін құдыққа тастаған 38 жастағы әйел ұсталды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Федоров ауданында баласын су алатын құдыққа тастаған әйел анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Федоров ауданының полицейлері жедел-із кесу шаралары барысында жаңа туған сәбиін құдыққа тастады деген күдікпен 38 жастағы әйелді ұстады. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженар.
Күдіктіге ҚР ҚК 100-бабы («Анасының жаңа туған баласын өлтіруі») бойынша айып тағылды. Сараптамалар тағайындалды.
Еске салсақ, Қостанай облысының Федоров ауданында әскери қызметші құдықтан шақалақтың денесі тауып алған болатын. Аталған фактіні ҚазАқпарат тілшісіне ҚР ҰҚК 2031 шекара бөлімі командирінің орынбасары Рахмедин Уәжитов растады.