15:19, 13 Тамыз 2015 | GMT +5
Қостанайда сегіз жасар қыз үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы Чкалов көшесіндегі үйдің 3 қабатындағы терезесінен сегіз жасар қыз бала құлаған. Бұл туралы Қостанай облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, бала үйде жалғыз болған.
Зардап шеккен қыз аман қалды, бірақ көптеген күрделі жарақаттар: сол жақ төбе сүйегінің жабық сынығы, мидың соғылуы, жабық жақсүйегінің жарақаты, сол жақ бұғанасының жабық сынығын алған, көкбауыры жарылып кеткен.