Қостанайда Шақшақ Жәнібек батырға арналған ескерткіш бой көтерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа ескерткіш Қарбышев көшесі мен әуежайға баратын жолдың қиылысында орналасқан, деп хабарлайды alau.kz.
None
None

Ескерткіш тұрғызу  - адамдардың ерікті түрдегі қайырымдылық ісіне айналып барады. Мердігерлер ескерткіштің нақты бағасын айтпай отыр.

«Бізге екі мың теңгеден бастап, бірнеше миллионға дейін  көптеген сомалар ұсынылды. Ескерткішті тұрғызу жұмыстары қаңтар айында басталды. Скульптор - белгілі мәдениет қайраткері  Қадыржан Кәкімов. Барлығы 270 тонна тас жұмсалды. Ескерткіштің өзіне Алматы облысында өндірілген қола пайдаланылды», - деді мердігер-фирма басшысы Дулат Шаяхметов.

Абылай ханның қолбасшыларының бірі  Жәнібек Қошқарұлы 1693 жылы Торғай өңірінде дүниеге келген. Ол шебер қолбасшы болды, сол  үшін  жоғары әскери атаққа ие болып, беделді мемлекет қайраткері атанды. Шақшақ Жәнібек 1752 жылы қайтыс болып, Түркістан қаласында жерленген. 

Соңғы жаңалықтар