Қостанайда синагога ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезіне орайластырылған бұл іс-шараға Израиль Мемлекетінің президенті Шимон Перес, Қазақстанның бас раввині Ешая Коген, Израильдің бас ашкеназий раввині Йона Метцгер, Израильдің бас сефард раввині Шломо Амар, Израиль Мемлекетінің дін істері министрі Яков Марги келді. Қонақтар арасында - Астана мен Ақмола облысының бас раввині Юда Кубалкин, Шығыс Қазақстан облысының бас раввині Шломо Торенаим, Қазақстанның Израильдегі бас раввинатының өкілі, Қазақстан еврейлері қоғамының төрағасы Моше Коэн, «Ницва» қауымдастығының президенті Александр Барон, Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясының (ENRC) акционері Александр Машкевич, Еуро-азиялық Еврей конгресінің, Израиль Мемлекеті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды.
Қостанай облысының әкімі Қайрат Сүйіндіковтың баспасөз хатшысы хабарлағанындай, синагогаға бөлінген жер телімінің алаңы 0,3 гектарды, жобаның сметалық құны - 170 млн. теңгені құраған, үйдің алаңы 45 адамға арналған, 893 шаршы метрді құрайды.