18:42, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Қостанайда соттардың жаңа төрағалары тағайындалды
ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанайда Қостанай облыстық сотының жаңа төрағасы таныстырылды. ҚР Президентінің Жарлығымен Бағлан Демесінұлы Мақұлбеков Қостанай облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.

Б.Мақұлбеков бұған дейін - 2004 жылдан бері Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып қызмет атқарды. Қостанай облыстық сотының бұрынғы төрағасы Серіккелді Әбдірахманов Алматы соты азаматтық алқасының төрағасы болып тағайындалды.
Бүгін Қостанайда сонымен қатар, Қостанай мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы лауазымына Т.А.Ыбырашев тағайындалды. Бұған дейін ол Қостанай аудандық сотын басқарған.