Қостанайда су құбырын ұрлағандар ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық тәртіп сақшылары су өткізетін құбырды ұрлағандарды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайда су құбырын ұрлағандар ұсталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, су құбыры «Юбилейный» өңірлік корпоративіндегі саяжайға су өткізеді.

«Осы дерек бойынша Қостанай қаласы ІІБ «Солтүстік» бөлімі тергеу шараларын жүргізуде. Күдіктілер ұсталды», - делінген ведомствоның ақпаратында.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.