Қостанайда су тасқынына дайындалуда

нақты шешімдер қабылдануда, елді мекендерді су басудың ықтимал аймақтары белгіленуде.
Кеше облыс әкімдігінде өткізілген жиналысқа Ресей Федерациясының шекара маңындағы Қорған облысының делегациясы қатысты. Оны басқарып келген Қорған облысының вице-губернаторы Игорь Некрасов: - Қорған аумағына тасқын Қостанай облысының су арналары арқылы келеді, - деді. Биыл ресейліктерді өте күшті су тасқыны күтіп тұр.
«Костанайводхоз» РМК директоры Жамбылбек Райымқұловтың айтуынша, су ағысының көп бөлігі Қостанай облысының Жоғары тобыл және Қаратомар су қоймаларынан күтіледі. Біріншісінен - 270 млн. текше метр, екіншісінен 220 млн. текше метрге дейін. Қазіргі тасқынның ауқымы 490 млн.текше метрге жетуі ықтимал. Бүгінгі таңда жергілікті су қоймаларының бос көлемі 383 млн. текше метр шамасында.
Жақын арада су қоймаларында таситын сулардың көлемі арта бастайды. 26 наурызда Қостанай облысының Таран және Әулиекөл аудандарында мұз жарылыстары болады деп күтілуде.