11:33, 07 Ақпан 2019 | GMT +5
Қостанайда тағы бір адам үсіп өлді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында ішімдік ішкен ер адамды өз үйінің ауласында үсік шалып, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Оқиға Меңдіқара ауданында болған.
«Веденка ауылынан ер адамның мәйіті жеткізілді. Ол ішімдік ішкен күйі өз үйінің ауласында үсіп кеткен. Мәйітті тексерген кезде жарақат және зорлық-зомбылық іздері болған жоқ», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Бұған дейін облыстық ТЖД баспасөз қызметі Сарыкөл ауданында екі балықшының адасып кеткенін хабарлаған болатын.
Аяздың күшейіп кетуіне байланысты Қостанай облысының ТЖД үсік шалған уақытта алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндіріп, аяз кезінде адам өзін қалай сақтандыру керектігін еске салады.