Қостанайда танысын пышақтап өлтірді деген күдікпен 51 жастағы әйел ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 51 жастағы әйел өз үйінде танысын пышақтаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Қайғылы оқиға Федоров селосында болған. «51 жастағы Федоров ауылының тұрғыны 60 жастағы ер адаммен ішімдік ішіп, арты жанжалға ұласады. Сәлден соң әйел бөтелкелесіне екі мәрте пышақ сұққан. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 99-бабы(«Кісі өлімі») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар