Қостанайда терроризмге қатысты жалған хабарлама таратқан жасөспірім сотталды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Қостанай қаласындағы сауда орталықтарының бірінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берген кәмелетке толмаған жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

п
Фото: ІІМ

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құқық бұзушыны анықтады.

- Істі қарау қорытындысы бойынша Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жасөспірімге бір жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілеу арқылы бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ, - делінген ІІМ дерегінде.

Полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Айта кетейік, бұған дейін TikTok желісінде некеге мәжбүрлеу туралы жалған бейнежазба салған әйел жазаланды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум