Қостанайда түнгі төбелестен кейін екі ер адам ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қостанайда полицейлер түнгі жанжалға қатысы бар деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Жанжал төбелеске ұласып, ақша ұрланған.

Қостанайда түнгі төбелестен кейін екі ер адам ұсталды
Видеодан алынған кадр

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, түнде болған жанжал кезінде 280 мың теңге ұрланған.

Полицейлер оқиғаға қатысы бар екі ер адамды анықтап, ұстады. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Полиция бұзақылық, күш қолдану және бөтеннің мүлкін ұрлау үшін заңда қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда құрдасына шабуыл жасаған төрт жас жігіт сотталған еді. Олар жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, шабуыл кезінде бұрыш баллонын, ағаш таяқ пен үшкір-кескіш затты қолданған.