15:53, 06 Ақпан 2024 | GMT +5
Қостанайда тұрғын үй алабының тұрғындары газсыз қалды
ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Қостанайда 40-қа жуық абонент екі күннен бері газсыз отыр. Оғаy блоктық газ реттеу пунктіне конденсат түсуі себеп болған.

Қала әкімдігі Кунай тұрғын үй алабының жылымық салдарынан газсыз қалғанын хабарлады.
- Жылымыққа байланысты Кунай тұрғын алабындағы орта қысымдағы газ құбырларынан конденсат аға бастады. Нәтижесінде газ басқару нүктелерінде ақау пайда болды. Газ беру уақытша тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады әкімдік.
Сондай-ақ департамент төтенше жағдайдың жоқтығын түсіндірді. Жұмыс жоспарға сай жүргізілуде.