Қостанайда үш жасар бала тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті

из окна
Фото: sputnik.by

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Бала екінші қабаттан құлаған. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. 

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға бүгін түсте жеке тұрғын үйдің аумағында болған. Сәби түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Басқарма қауіпсіздік ережелерін еске салып, кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар
telegram