Қостанайда үшінші тәулікке созылған өртті сөндіруге 7 тікұшақ тартылды

Экология министрлігінің мәліметінше, Қостанай облысының 1841 тұрғыны эвакуацияланды, Аманқарағай кентінің солтүстік бөлігінен - 1000, Озерноеден - 250, Калининнен - 228, Лесное кентінен 363 адам құтқарылды. Қазіргі уақытта Бағаналы кентінің тұрғындарын эвакуциялау жүріп жатыр.
«Екпінді жел мен күннің ыстық райы өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып тұр. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша бүгін Қостанай облысы Әулиекөл ауданының аумағында ауа температурасы +31 градусқа дейін сақталады, желдің жылдамдығы 7 м/с жетеді», - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Айта кету керек, Қостанай облысында бір мезетте 3 аумақта табиғи өрт сөндіріліп жатыр - Қарабалық, Ұзынкөл және Әулиекөл аудандарында.
Қостанай облысында орман өрттері фактілері бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің 341-бабы (ормандарды жою немесе бүлдіру) және 2-бөлімнің 204-бабы (бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру) бойынша қылмыстық істер қозғады.
Видеодан алынған кадр/t.me/bort_01