Қостанайда зейнеткер «АКМ» автоматын полицияға тапсырды

СҚО
Фото: СҚО ПД

АСТАНА. KAZINFORM – Ел халқы заңсыз сақталған қаруды полицияға тапсырып жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты.

«Қазір ел аумағында халықтан заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді сатып алу акциясы өтіп жатыр. Оның мақсаты – атыс қарумен жасалатын қылмыс пен құқық бұзу деректерін алдын алу. Акция басталғалы бері ішкі істер органдарына азаматтар өз еркімен 422 атыс қаруын тапсырды. Мәселен, Қостанай қаласында 70 жастағы ер адам полицияға ешқайда тіркелмеген «АКМ» маркалы автомат (Калашников автоматы) пен 78 оқ-дәріні әкеп тапсырды. Тұрғын қаруды Тобыл өзеніне жақын маңда сөмкенің ішінен тапқан екен. Қазіргі кезде бұл акция жалғасып жатыр», - деді Ш. Алекешев ведомствода өткен апталық брифингіде.

Оның айтуынша, барлық тапсырылған қару криминалистикалық сараптамадан өтеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жыл басынан бері тәртіп сақшылары экологиялық заңнаманы бұзудың 7 мыңнан астам фактісін анықтады. 200-ге жуық қылмыстық іс қозғалды

Соңғы жаңалықтар