Қостанайда жаңа уақытша ұстау изоляторы ашылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанайда жаңа уақытша ұстау изоляторы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайда жаңа уақытша ұстау изоляторы ашылды

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бекет Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Мұнда халықаралық стандарттарға сәйкес барлық жағдайлар жасалған. Полиция қызметкерлері ұзақ уақыт бойы ұсталған азаматтарды облыс орталығынан 45 шақырым қашықтықта орналасқан Рудный қаласындағы УҰИ-ға апаратын. Бұл тікелей адам құқығын сақтауға қатысты мәселе. Құқық қорғаушылар бұл мәселелерді бірнеше рет айтқан болатын. Нәтижесінде жаңа изолятор салынды. Арнайы мекемеде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай жасалған», деп жазды Бекет Аймағамбетов.


Оның айтуынша, ғимараттың құрылысы жергілікті атқарушы биліктің қолдауының және 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасы аясында іске асырылған.

Жаңа УҰИ-да бір уақытта 15 адамды ұстауға мүмкіндік бар.