Қостанайда жаңартылғаннан кейін қазақ тілді ясли-бақша ашылды

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин жобаның республикалық бюджеттен қаржыландырылғанын хабарлады. Инвестиция сомасы 274 миллион теңгеден асты.
Күрделі жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарының нәтижесінде ғимарат кеңейіп отыр, онда қазір 7 жаңа топ, бассейн және спорт залы ашылған. Оған қоса, ясли-бақша жаңа жиһазбен жабдықталып, спорттық тренажерлармен, ойыншықтармен жарақталған.
С.Кулагин сондай-ақ, балабақша проблемаларын шешу үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Әкімнің айтуынша, осы мақсатта бұрынғы балабақшалардың типтік ғимараттары қайтарып алынуда. Шағын орталықтардың саны арттырылмақ және жаңа балабақшалардың құрылыстары басталмақ.