21:05, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Қостанайда жастардың депутаттық жобасының таныстырылымы болды
ҚОСТАНАЙ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда облыстық мәслихаттың, «Нұр Отан» ХДП және «Жас Отан» Жастар қанатының бірлескен жобасының таныстырылымы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бастамашылар жобаны Қостанай облыстық жастар мәслихаты деп атады. Оны құрудағы мақсат, аймақтық деңгейдегі шешімдердің қабылдануы мен олардың орындалуына жастардың да қатысуларын қамтамасыз ету. Басқаша айтқанда, жастар мәслихаты жас, белсенді қоғам мүшелеріне өздерін саясаткерлер ретінде сезінулеріне мүмкіндік беру. Сондай-ақ, азаматтық қоғам құру ісіне де жобаның айтарлықтай үлесі болмақ. Қостанай облыстық мәслихатының сайтында хабарланғанындай, жастар мәслихатының құрамына депутаттардың көмекшілері мен «Жас Отан» Жастар қанатының аудандық хатшылары да енген. Облыстағы жоғары оқу орындары мен арнайы орта білім беру мекемелерінің өкілдері жастар мәслихатына ертең, ақпанның 25-де сайланады.