Қостанайда жергілікті билік органдары қабылдап жатқан дағдарысқа қарсы шаралар талқыланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәжіліске әлеуметтік серіктестіктің барлық тарабының өкілдері қатысты. Олар, ең алдымен, жұмысшылардың жұмыстан жаппай босап қалуына жол бермеу және жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі қол қойылған меморандумдар аясында тұрақтандырушы шаралар қабылдау мәселелерін талқылады. Жиында сондай-ақ, Елбасы Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Үкіметтің 2009 жылға арналған жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі жергілікті билік органдары қабылдап жатқан шаралар сөз болды.
С.Бектұрғановтың айтуынша, Қостанай облысында жұмысшылардың жаппай жұмыстан босап қалу фактісі орын алған жоқ, себебі Елбасы Жолдауы мен Жол картасын жүзеге асыру жөніндегі белсенді жұмыстар жүргізілуде.