Қостанайда жылу трассасындағы жарылыс 87 көпқабатты үйді ыстық сусыз қалдырды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Қостанайда жылу магистраліндегі апат салдарынан жүздеген тұтынушы ыстық судан ажыратылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

вода кран су
Фото: Kazinform

«КТЭК» ШЖҚ МКК баспасөз қызметінің мәліметінше, Тәуелсіздік даңғылы бойымен өтетін диаметрі 500 мм ТМ-2 жылу магистралінде жарылыс орын алған. Соның салдарынан 87 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су беру шектелді.

— Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жарылысты толық жою және ыстық суды қайта қосу шамамен 26 шілде күні сағат 18:00-ге дейін аяқталады деп жоспарланып отыр, — деп нақтылады мекеме өкілдері.

Коммуналдық кәсіпорын қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Бұдан бұрын Қостанай облысы Рудный қаласында 2021 жылғы жағдай қайталануы мүмкін. Себебі 11 тамыздан бастап қалада тұрмыстық тұтынушыларға газ беру уақытша тоқтатылатыны анықталды.

Соңғы жаңалықтар