Қостанайда жоғалған 8 жастағы баланы іздеуге адам жетпей жатыр

Игорь Коцкийді іздестіруге еріктілер де қатысуда, олар саяжайларды, бос қалған ғимараттарды және куәгерлерді іздестіруде.
Баланы біреулер соңғы рет ер адаммен бірге көрген. Олар тас жолмен Затобольск кентіне қарай кеткен.
Ерікті Елена Беликованың айтуына қарағанда, іздеу тобы Тобыл өзенін қайықпен қайтадан тексереді. Іздеу жұмыстарына сүңгуірлер де жұмылдырылады. Сүңгуірлер барлық арналармен жүріп өтті. Әзірге нәтиже жоқ.
Ерікті жоғалған баланы іздеуде адамдардың жетіспей жатқандығын атап айтты. «Бізбен бірге іздеу жұмыстарына бұрын жоғалып, кейін өлі денесі табылған Виктория Ганяны іздеуге көмектескен кеншілер жұмылуда. Біз бүгін оларды тағы да күтіп отырмыз. Адамдар жетпейді. Іздеу жұмыстарына адамдардың көптеп жұмылуын өтінемін», - дейді Е. Беликова.