Қостанайда жол полицияларының саны екі есе өсті

ҚОСТАНАЙ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Республикалық жедел алдын алу шаралары аясында Қостанайда жол автопатруль жасақтарының саны екі есе өсті. Жол полицияларымен бірге рейдтерге «Нұр Отан» ХДП өкілдері, сондай-ақ қоғам белсенділері шықты.
None
None

Қостанай облысы ІІД басқарма бастығы Елена Кашаринаның хабарлауынша, «акция жолда жарақаттану немесе адам өлімі оқиғалары сияқты өзекті мәселелеріне қоғам назарын аударды».

Акция барысында көлік құралын алкогольді ішкілік ішіп, мас күйінде жүргізген 82 жүргізуші ұсталып, көлік жүргізу құқығынан шеттетілді. Жылдамдықты арттырған жүргізушілерге қатысты 530 хаттама толтырылды.

Соңғы жаңалықтар